Санитарлық қызметтер жауапкершіліктен қашады. Депутат біраз мәселенің бетін ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерін сынға алды. Ол мектеп оқушыларына дәстүрлі білім беруді қайтаруды талап етті.
Ирина Смирнованың айтуынша, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытай елдерінің оқушылары мектептен оқып жатқанда Қазақстанның қашықтан оқуды таңдағанына қынжылысын білдірді.Санитарлық қызметтер қашықтан оқытудың тиімділігін нақты түсіндіре алмай отыр. Олар көбінесе мәжбүрлеу, тыйым салу мен жазалау форматында жұмыс істейді. Өздерін ғана ойлайды, салдары тиіп кете ме деп қорғанады. Санитарлық қызметтер жауапкершіліктен де қашады. Оларға қандай да бір жағдайда нақты эпидемиологиялық шараларды қолға алудың орнына бәрін жауып тастаған тиімді. Осы ұстанымның кесірінен бизнес шығынға ұшырап, жұмыс орындары жабылып жатыр, - дейді депутат.Оның айтуынша, коммунист депутаттар қазіргі қағидаттарды өзгертіп, қашықтан білім беруді дәстүрлі және аралас режимге ауыстыруды талап етеді.
Білім және ғылым министрлігі оқушыларға білім алуға тең жағдай жасауы тиіс. Әрбір білім беру ұйымына мемлекеттік стандартты орындау еркіндігін қамтамасыз ету керек. Денсаулық сақтау министрлігі - ДДҰ ұсынымдарының тыйым салулар мен ережелер тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар шұғыл сын-қатерлерге жергілікті, мақсатты, уақтылы және кешенді жауап беру бойынша тиісті ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет, - деді Ирина Смирнова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Салықтың ең жеңіл түрі Қазақстанда жасалған
Өзгелердің жаңалығы