Санитарлық-гигиеналық ережелерді ешкім жойған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы директорының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев вирус жұқтырып алмас үшін қорғануды әрі қарай да жалғастыру керек екенін айтады.
COVID-19-дың таралуы жалғасуда, біз қоғамдық өмірдегі шектеулерді қабылдап қорғануды жалғастыруымыз керек. Карантин басталғалы қалыптасқан санитарлық-гигиеналық ережелерді ешкім жойған жоқ. Шектеу шаралары жеңілдетілгенімен де, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз, әлеуметтік қашықтықты бақылаңыз, бетіңізге қолыңызды тигізбеңіз, қолыңызды жиі жуып жүріңіз, - дейді Дулат Махамбетұлы.
Айта кетейік, 13 тамызда ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Ал 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысының диқандары күздік бидайды жинады
Өзгелердің жаңалығы