Көлік құрастырушылар санитариялық қызметке автокөліктер сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендегі "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниялар тобы облыстағы санитариялық қызмет ұйымдарына автокөліктер сыйлады.

"Бипэк Авто – Азия Авто" ұйымы Шығыс Қазақстан облысындағы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне Төтенше жағдай кезінде көмек ретінде 3 жеңіл автокөлікті сыйға тартты. Сонымен қатар, автокөліктердің жанармайы мен жүргізушілердің жалақысы сияқты қаражат шығындарын "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниялар тобы өз мойындарына алды.

Осындай қиын сәтте жұмысымызды жеңілдетуге тырысып, қол ұшын созған "Бипэк Авто – Азия Авто" ұйымына алғыс айтқымыз келеді. Қазір біздер үшін ең маңыздысы – уақыт болып тұр. Тексеру нысандарына рейд жұмыстарын жүргізу, коронавирустық инфекцияның таралу ошақтарын оқшаулау кезінде тез арада көлікпен қатынау уақытты ұтуға көмектеседі. Осындай қолдаудың арқасында біз осы пандемияны бірлесе жеңеміз және уақтылы қажетті шешімдер қабылдап, ел азаматтарын COVID-19 инфекциясынан қорғауға мүмкіндік аларымыз анық, - деп Шығыс Қазақстан облысының бас санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Марат Исмаилов департамент атынан алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы