Бүгін Қазақстан мен Сан-Марино командалары ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында елордада Қазақстан мен Сан-Марино кездеседі. 

Бұған дейін Қазақстан 8 маусымда Брюссельде Бельгиямен ойнап, 0:3 есебімен ұтылып қалған болатын. 

Ал бүгінгі ойын сағат 20:00-де басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек бұл ойыннан тек жеңіс күтетінін айтты.

«Біз Бельгиямен ойынның алдында кіммен кездесетінімізді білдік. Бұл құрама – әлемнің ең үздік командаларының бірі. Қарсылас әділетті түрде жеңіске жетті. Ойыншыларға тағар айыбым жоқ. Жігіттер барынша тырысты, бірақ қарсылас мықты болып шықты. Ал Сан-Мариномен ойынмен ерекшілігі бар. Бұл жолы өзіміз көбірек шабуыл жасауға тырысамыз. Қарсылас соңғы ойында Ресейден ірі есеппен жеңілді. Осы жолы үш ұпайды өзімізде қалдыру үшін қалай да қарсыластан басым түсу үшін аянып қалмаймыз», - дейді Михал Билек. 

Айта кетейік, I тобында үш ойыннан кейін Бельгия 9 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші және үшінші орында 6 ұпайы бар Ресей мен Шотландия болса, одан кейінгі сатыларда Қазақстан мен Кипрде бар. Екеуі де 3 ұпайдан жинаған. Бұл топта ұпайы жоқ жалғыз құрама – Сан-Марино.

Бельгиямен ойынның алдында құрама сапында жарақаттарына байланысты Юрий Логвиненко, Азат Нұрғалиев, Дмитрий Шомко, Бактиер Зайнутдинов қатардан шығып қалған болатын. Михал Билек Сан-Мариномен кездесуде Шомко көмектесе алатынын айтып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастап Еуропа чемпионаты-2020 жарысының аясында өтетін квалификациялық футбол матчтарына арнайы 4 Shuttle-Bus бағдарлары ұйымдастырылады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы