Сан-Франциско қаласының бас ғимаратында Қазақстан жалауы көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.

Сан-Францисконың мэры Лондон Брид осы күнді қалада АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық күні ретінде жариялау туралы құжатқа қол қойды.

Былтыр басталған бұл іс шара АҚШ-тың батыс жағалауында жылсайынғы әдетке айналуда. Бұл екі ел арасындағы саяси, мәдени ынтымақтастықты нығайтып, халықтар арасындағы достықты арта түсіретінін айта кеткен жөн, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы