25 Қараша 2026, 11:37 Фото: «Қазатомөнеркәсіп»

ҰҚК: «Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері ұсталды

Ол «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.

2026 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және өзге де адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.  

25 қарашадағы мәлімет бойынша, ҰҚК ұсталғандарды «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікпен тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.