27 Ақпан 2026, 12:33
Фото: ©BAQ.KZ архиві
"Самұрық-Қазына" қоры 650-ге жуық қызметкерін қысқартады
Бұл жайында Ақордада журналистерге қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті,
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры әкімшілік басқару персоналын оңтайландыруға қатысты корпоративтік шешім қабылдады. Бұл жайында Ақордада журналистерге қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қысқарту еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Біз еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейміз. Наурыз айының соңына дейін бұл мәселе толық шешіледі деп сенеміз. Жалпы, Астана қаласында “Самұрық-Қазына” тобына қарасты компанияларда 6500 адам жұмыс істейді. Соның шамамен 650-ге жуығы қысқартылуы мүмкін, – деді Нұрлан Жақыпов.
Еске салайық, оңтайландыру шаралары әкімшілік басқару персоналын қысқартуға бағытталған.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының тиімділігін арттыру бойынша тапсырма берген еді.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026
- Қазақстанда биыл көліктерден 595 заңсыз жанармай багы алынды 16.11.2026
- Қазақстанда 1 242 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр 16.11.2026