«Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы Президентке құны 21 триллион теңгені құрайтын 38 жобаны таныстырды
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2026 жылы Қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр. Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар. Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Президентке Қордың инвестициялық портфелі жөнінде мәлімет берілді. Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, Нұрлан Жақыпов Қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады. Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді.
- Қар, көктайғақ, қатты жел: Павлодар облысында жүргізушілерге ескерту жасалды 09:48
- Қазақстанда фармацевтика саласына 862 млн доллар инвестиция салынады 09:13
- Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді 08:59
- Семейде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді 08:54
- Жалған ЖСН мен куәлік: Алматыда курьерлерге құжат дайындаған адам әшкереленді 08:50
- Биржада алтын бағасы арзандады 08:47
- Қазақстанда темекі бағасы жыл басынан бері 12,7 пайызға қымбаттады 08:10