«Самұрық-Қазына» компаниялар тобына жас мамандар қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017-2019 жылдары «Жас Өркен» бағдарламасы аясында 16 жас маман «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына жұмысқа қабылданды. Бұл туралы «Жас Өркен» бағдарламасының жабылу салтанаты кезінде Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Жас мамандар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Казпошта» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚТЖ» ҰК және басқа да компанияларда жұмыс жасайтын болады.
Жаңа қызметкерлерді Қордың басшысы Ахметжан Есімов құттықтады.
«Сендердің өмірлерің жаңадан басталып келе жатыр. Бұл жерде жұмыс жасау – үлкен мәртебе. Осындай үлкен мүмкіншілікке жол ашылып отыр, соны жақсы пайдаланыңдар. Сендер және сендердің энергияларың қазір біздің елге қажет», - деді Ахметжан Есімов.
«Жас Өркен» бағдарламасына деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық, ал 2019 жылы 4500 түлек бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.
Бағдарлама түлектерінің қатарына кіру үшін студенттер қабелеттері мен әлеуетін бағалауда үздік әлемдік тәжірибені қамтитын төрт деңгейлі іріктеуден өткен. Олардың мүмкіндіктерін Қордың және компаниялар тобының басқарушы директорлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және халықаралық ұйымдарының тәуелсіз басқарушыларын қамтитын конкурстық комиссиясы бағалады.
Бағдарламаның басты артықшылығы – тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жас мамандарды жедел дамуында. Бағдарла туралы толығырақ https://www.zhasorken.skcu.kz/ru сайтынан білуге болады.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.