Samsung басшысы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Samsung төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы ria.ru Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпкер жексенбі күні Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды.
Ли Гон Хи 1942 жылы туылған. 1987 жылы Samsung-тің негізін қалаушысы әрі әкесі Ли Бён Чолдан кейінгі екінші төрағасы атанды.
2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы мен Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті және мұрагері саналатын Ли Чжэ Енге өтті.
Сонымен бірге Оңтүстік Корея прокуратурасы Ли Чжэ Ен концернінде билік алу кезінде Samsung Group-ты бақылау үшін корпорация ішіндегі компанияларды біріктіру кезінде заңсыз алаяқтыққа қатысқан деп күдіктенеді.
Ли Чжэ Еннен басқа кәсіпкердің қыздары Ли бу Чжин мен Ли Со Хен қалды. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өзіне қол салған.