Саммит Орталық Азиядағы экономикалық әлеуетімізді одан әрі нығайтуға жол ашады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізді. Осы ретте, BAQ.KZ тілшісі сарапшылардың пікірін назарларыңызға ұсынады.

Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінің маңызы мен өзектілігі жайлы атап өтті.

Елімізде өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті – Орталық Азиядағы экономикалық әлеуетімізді одан әрі нығайтуға жол ашады. Әрі халықаралық көлік дәлізіндегі функциямызды нығайтуға сеп болмақ. Қазіргі алмағайып кезеңде көлік транизиттік коммуникациясының әлеуетін арттыру және оның мүкіндігін барынша пайдалану аса маңызды. Себебі, біздің мемлекеттеріміз батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті тікелей байланыстырады. Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі - соның жарқын мысалы. Сондай-ақ бұл ұйымның халықаралық аренада мәртебесі жоғарылап келеді. Мұнда көтерілген бірқатар мәселелер шешімін тапты, – деді ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев.

«Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатын іске асыру үшін, бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданатынын айтқан еді.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы - өте жас ұйым. Бұл құрылымға кіретін елдер саяси өрлеуде. Ұйымның мәртебесі мен беделі оның Еуразия кеңістігінде ерекше геосаяси рөлге ие болуына байланысты өседі. Өйткені біз батыс пен шығыс, солтүстік және оңтүстік нарықтарын байланыстырамыз. Бірлесіп сындарлы саясат жүргіземіз. Біз бірге тиімдірек дами аламыз. Президент түркі мемлекеттерінің ІТ саласындағы қарым-қатынасын жандандырған жөн деп санайды. Оның айтуынша, соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Түркі елдерінің IT саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды, – деп атап өтті Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Болат Әуелбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы