Елордада самбодан халықаралық турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қанат Байшолақовты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы elorda.info сайты хабарлады.
«Дәулет» спорт кешенінде 21 қыркүйек күні КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан Қазақстан спортшылары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Қанат Байшолақовты еске алуға арналған самбодан халықаралық турнир өтеді.Турнирді ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет және спорт басқармасы, Қазақстан жауынгерлік өнер Ассоциациясы, Қазақстан спорттық және әскери самбо федерациясы, Қанат Байшолақов атындағы қоғамдық қор.
Турнирге әлемнің 10 елінен – Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия елдерінен 200-ден астам самбошы қатысады.
Турнирдің ерекше қонақтары – Қазақстан мен әлемнің атақты самбошылары.
Аталмыш турнир ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің қолдауымен өткізіледі. Турнирдің басталуы 21 қыркүйек күні сағат 9:00-де, көрермендерге кіру тегін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент жолдауын үкімет қалай жүзеге асырады?
Өзгелердің жаңалығы