Самбодан Азия және Океания чемпионаты басталды

Самбодан Ересектер, жастар және жасөсіпірімдер (ұлдар, қыздар) және зағип спортшылар, шеберлер арасындағы Азия және Океания чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашылу салтанатына, Азия және Океания самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев, Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов, Астана қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Бұл чемпионат алғаш рет өтіп жатыр. Жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Турнир өте тартысты өтеді деп ойлаймын. Шын мықты жеңіске жетсін, - деді Азия және Океания самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев.

Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов жарыстың ауқымды екеніне тоқталып, алдағы уақытта үлкен жарыстарды өткізуге дайын екенін жеткізді.

Бұл тарихи жарыс. Байрақты бәсекенің өтуіне атсалысқан баршаңызға алғыс айтамын. Мұндай ауқымды жарыстың өтуі біздің самбо федерациясы үшін үлкен мәртебе. Федерация тек Азия емес Әлем чемпионатын өткізуге дайын, - деді Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов.

Астана қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев та спортшыларға сәттілік тіледі.

Астана қаласында осындай доданың өтіп жатқанына қуаныштымын. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Спортшыларға жеңіс, төрешілерге әділдік, спорт жанкүйерлеріне қызықты белдесуді көруді тілектеспін, - деді Астана қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Самбо федерациясының вице-президенті Манарбек Бисекенов жарыстың ерекшелігіне тоқталды.

Кеше жарыс жолына көзі нашар көретін және мүлде көрмейтін спортшылар шықты. Сондай-ақ ардагер самбошылар да бақтарын сынады. Жарыстың алғашқы күнінде ардагерлеріміз бен зағип жандар командалық есеп бойынша 1-орын алды. Көзі көрмейтін спортшылардың арасында 79 келі салмақта Араб мемклекетінде Дүниежүзілік ойын өтеді. Осы жарыстың ерекшелігі сол бір салмақ (79 )дәрәжесінде жеңіске жеткен самбошы жолдама алады, - деді Манарбек Бисекенов.

Айта кетейік, бұл Азия чемпионатында 30 елден келген 600-ге жуық спортшы бозкілемге шығады. Осы жарыста жақсы нәтиже көрсеткен жастар және ересек спортшыларымыз Әлем чемпионатында бақ сынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы