Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі және "Ақтөбе облыстық футбол клубы" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейінгі екі маусымда Смақов "Ақтөбе" клубының бас директоры қызметінде болды, алайда 20 желтоқсанда клуб оның бұл жұмыстан кеткенін хабарлады. Клубтың басқарма төрағасы болып Артур Смагулов, ал оның орынбасары және бас менеджері болып бұған дейін "Земун" (Сербия), "Амкар" (Ресей) және "Таврия" (Украина) командаларында істеген серб Горан Велькович тағайындалды.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге зор сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, мен үшін алаңдап, маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге шын жүректен рахмет айтамын. Сіздер мен үшін қала мен "Ақтөбе" клубының маңызы зор екенін жақсы білесіздер. Мен үмітті ақтауға бар күшімді саламын! Біз клубқа бұрынғы даңқын міндетті түрде қайтарамыз, - деді Смақов.
Өткен маусымды "Ақтөбе" командасы жарысты -12 ұпаймен (ФИФА шешімімен) бастап, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-лигасынан ұшып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында жолда қалған шетелдік жолаушылар құтқарылды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы