Самат Әбіш қайда жүр? - Бас прокуратура жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен қатар ол Самат Әбіштің елде екендігін растады.

Самат Әбішке қатысты іс тергеліп жатыр. Басқа ақпаратты Қылмыстық-процестік кодекске («Тергеу құпиясы») сәйкес жариялауға болмайды. Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхатпен елде, Алматыда немесе Астанада екендігін нақты білмеймін. Қылмыстық іске, оның құқықтық мәртебесіне қатысты хабарым жоқ. Бірақ оған қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша іс қозғалған. Бір бап бойынша ғана, - деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Сондай-ақ ол «Самат Әбіш қашып кетеді деп қорықпайсыздар ма?» деген сауалға қатысты ойын айтты.

Оны тергеу органдары тергеу әрекеттері, сипаттамасына қарай анықтайды. Тергеу органдары Самат Әбіштің өзінің заң бойынша міндеттерін бұзбайтынына сенімді шығар, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы