Самарқандта Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған бірегей фотокөрме ашылды

Самарқанд қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған "Алаштың асыл арысы" атты бірегей фотокөрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрме Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени бірегейлігінің қалыптасуына негіз болған ұлы тұлғаларға арналған.

Келушілер Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Тынышбаев және тағы басқа көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін баяндайтын сирек архивтік фотосуреттер мен фотоқұжаттарды тамашалай алады. Бұл тұлғалар тарихта қалуымен қатар, болашақ Қазақстанның негізін қалаушылар, оның ұлттық мәдениеті және мемлекеттілігін қалыптастырушылар болды, - деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады және Орталық Азияның жетекші музейлері арасында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын алаңға айналды.

Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы