Самарқандта әйелдерді қолдау тақырыбында халықаралық форум өтті

«Өзбекстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің әйелдерді қолдаудағы тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық форум болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумға әлемнің 20-дан астам елінің, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшылығының, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы әйелдерді дамыту ұйымының және Өзбекстанның заң шығарушы және атқарушы билігінің жоғары лауазымды өкілдері сондай-ақ Қазақстан тарапынан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат қатысты.

Форум барысында әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды дайындауға, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердегі отбасы институтын нығайтуға қызмет ететін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қатысушылар Ұйымға мүше мемлекеттердің тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі мен жағдайын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен ұсыныстар ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы