Самарқанда 7 елдің СІМ қатысумен жиын өтті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Самарқанда «Үндістан-Орталық Азия» диалогы сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанның қатысуымен алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Самарқанда Ауғанстанның қатысуымен «Үндістан-Орталық Азия» диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті.Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Орталық Азия елдері мен Үндістанды жақындастыруға, сондай-ақ Орталық Азия елдері экономикасының өсуіне серпін беретін өткен кездесудің маңыздылығын атап өтті.
«Astana Hub» Халықаралық IT стартаптар технопаркі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Үндістанмен медицина, фармацевтика, жаңа технологиялар және қаржы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.
Аймақтың транзит-көліктік әлеуетін арттыру мақсатында Орталық Азия - Үндістан бағытындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан - Түрікменстан - Иран және Қазақстан - Өзбекстан - Түрікменстан - Иран теміржол маршруттарын Чабахар портымен байланыстыратын барлық Орталық Азия елдерінің қатысуымен консорциум құру идеясы айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы