Самарқанд су қоймасының жаңалауында экосенбілік өтті
Дүниежүзілік тазалық күні Самарқанд су қоймасының жағасында "Эко Жастар" мектебінің тыңдаушылары мен эковолонтерлерінің ұйымдастыруымен "Жер атты қоқыс үйіндісі" экосубботнигі өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
«Жаңа уақыт» жеке меншік мекемесі «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы «Қазақстанда БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасынының шағын грантын іске асыру аясында «Қазақстанда экологиялық білім беру деңгейін және оның қолжетімділігін арттыруды іске асыру мақсатында экожастар дайындау» тақырыбы бойынша «ЭкоЖастар мектебі» атты жобасын іске асырып жатыр.
Сенбілік Самарқанд су қоймасының жағалауында өтті. Сенбілік басталар алдында экотренерлер Елена Петрова, Глеб Байтулов және эковолонтер және "Эко Жастар" мектебінің тыңдаушысы Максим Савинов Қоқысты сұрыптау және бөлек жинау бойынша мастер класс өткізіп, сенбілік өткізуді үйлестірді. Нәтижесінде 120 қап қайта өңделетін қоқыс жиналды.
Сенбілікке "Эко Жастар" мектебінің 70-тен астам тыңдаушысы, Теміртау қаласының оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Экологиялық акцияның демеушілері мен қатысушылары "Ақ жол" Қарағанды облыстық филиалының ҚДП, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қалалық филиалының дирекциясы, Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы болды. Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған экологиялық акциялар жалғасады.