Самара-Шымкент автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самара-Шымкент» автожолының 150 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Бүгінде «Асфальт» ЖШС мердігер компаниясы 408-448 км және 448-490 км учаскесінде жол жабындысындағы шұңқырларды жабу жұмыстарын бастады. Ал, 330-408 шақырымындағы учаскеде мердігер компания «Бекет Сат Жол» ЖШС жолдағы шұңқырларды толық жауып, тегістеуші жабынды қабатын төсеу жұмыстарын атқаруда», - делінген хабарламада.


2019 жылы жоспар бойынша «Самара-Шымкент» автожолының 40 мың шаршы метр жол жиегі нығайтылып, 2 жылдамдық өлшеуіш құралы, 2 автопавильон орнатылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы