13 Қыркүйек 2024 2024, 01:25
Фото: архив
Самар ауданында 11 тонна шөп өртеніп кетті
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында шаруа қожалығының аумағында 11 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында шаруа қожалығының аумағында 11 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өрттің себебі - балалардың отпен ойнауы, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Төтенше жағдайлар министрлігі заң бойынша баланың өрт қоюына ата-ана жауапты екенін ескертеді.