Самал Ибраева: Ұлысмедиаға жасалған шабуыл бірінші рет емес

Кеше түстен кейін Ulysmedia.kz сайты бұзылды. Сайт қазіргі таңда тек әлеуметтік желілерде жұмыс істеп тұр. Ұлысмедия басшысы Самал Ибраева мұндай шабуыл еліміздің ішінен жасалды деп ойлайды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Кеше сайт істен шықты. Ішіндегі бүкіл ақпарат пен оның резевтегі көшірмелері түгелдей өшірілген. Қазіргі таңда сайт бойынша IT мамандар жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік комитетінің мамандары да хабарласты. Бірақ әлі сайтты кім бұзғаны, не үшін жасалғаны белгісіз. IT мамандар сайтты қалпына келтіру үшін қанша уақыт кететінін айта алмай отыр. Олар мұндай кибершабуылға өз тәжірибелерінде бірінші рет тап болып отырғанын айтты, - деді Ибраева. 

Самал Ибраеваның айтуынша, мұндай шабуылдар былтырдан бері жасалып келе жатыр.

Әрине, сайттарға мұндай шабуылдар шет елдерденде келеді, бірақ мен Қазақстаннан деп ойлаймын. Дүйім жұрт біздің сайттың бағытының қандай екенін біледі. Оның үстіне қазіргі уақытта журналистерге жұмыс істеуге кедергілер көп болып кетті. Жалпы, бұл істің артында кім тұрғаны анықталады деген үміттемін, - деді сайттың бас редакторы.

Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жазба жариялаған еді. Ведомства басшысы министрлік тиісті органдармен бірлесіп, бұл ақпараттық шабуылдың мән-жайын тексеріп жатқанын атап өтті. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы