Салықты онлайн төлеу жолы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ азаматтар cалық бойынша төлем сомасының мөлшері көрсетілген SMS хабарлама алған болса, оны онлайн төлеу жолымен таныстырды.

«Ең алдымен egov.kz порталына кіріп, «Салық берешегін қарау және төлеу» қызметін таңдайсыз.

- Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

- Өтінімді толтырған соң, қарыз туралы мәліметтер «Сұранысты жіберу» батырмасын басқаннан кейін пайда болады;

- Салық берешегі шықса, оны онлайн төлей аласыз», - деп хабарлады мемлекеттік корпорацияда.

Портал арқылы салықты жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, ҚР азаматтары, ҚР резиденті емес азаматтар төлей алады. 

«Қызмет үшін төлемді өзіңіздің банк картаңызбен төлегеніңіз жөн», - деп ескертті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандықтар салық төлемдері туралы SMS хабарлама алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы