Салық төлеуден жалтару жолдары әшкереленді

Салық міндеттемесі Қазақстан Республикасы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше,  бұл ретте салық төлеушілер салық төлеуден жалтару мақсатында әртүрлі схемаларды пайдаланады, олардың бірі мүлікті шығару болып табылады.

Талдау барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Т» ЖШС-нің мүлікті шығару фактісін анықтады, атап айтқанда, «Т» ЖШС-нің лауазымды адамдары салықтық тексеру нәтижесі бойынша алдағы салық берешегінің болатынын біле тұра, «Т» ЖШС-ға қатысушы (құрылтайшысы және директоры) азамат «А»-ға қайта тіркеген және сол кезеңде «Т» ЖШС-нің активтерін үлестес «К» ЖШС-ға өткізген.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша Қарағанды облысының соты мәмілелерді жарамсыз деп танып, қайта тіркеудің күшін жойды және салық берешегін өтеу есебіне өткізілетін 84,5 млн.теңге сомасында мүлікті қайтарды.

Мемлекеттік кірістер комитеті активтерді қасақана алу белгілерін анықтау бойынша тұрақты бақылау жүргізу туралы еске салады және осындай фактілер анықталған кезде лауазымды адамдар қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті
Өзгелердің жаңалығы