Салық төлеуде сақтық керек: Кірістер комитеті 7 блогермен соттасып жатыр

Қаржы министрі блогерлерді бизнес жүргізуде сауатты және сақ болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің мәлімдеуінше, салық төлеу қажеттілігі туралы хабарлама 854 цифрлық контент авторына жіберілген.

620 блогер қосымша 18,1 млрд теңгеге декларация тапсырды. 234 блогермен қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз, яғни қалыпты құжаттық тексеру жүргізудеміз. Жеті блогермен сот процесін жүргізіп жатырмыз. Сондықтан барлық блогерлерді бизнес жүргізуде сақ болуға шақырамын, – деп мәлімдеген Мәди Тәкиев Үкіметтегі брифингте.

13-14 ақпан аралығында Кірістер комитеті табыстарын төмендету дерегі бойынша 594 цифрлық контент авторына камералдық бақылау хабарламасын жіберді. Комитеттің пікірінше, қазақстандық блогерлер өз кірістерінен 53,3 млрд теңге жасырған.

13 наурыздағы дерек бойынша, 63 блогер Мемлекеттік кірістер комитетінен хат алғаннан кейін 105 млн теңге салық төлеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы