Салық кодексіне енгізілген түзетулер күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген жаңа түзетулер күшіне енді. 

Мобильді төлемдер ұғымы және кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік табыстардан түсетін жеке табысты бөлу міндеті енгізілді. Сондай-ақ 2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларация аясында банктер бірнеше ай бойы 100-ден аса тұлғалардан түбіртек алған азаматтар туралы ақпаратты салық органдарына береді деп жоспарланып отыр.

2022 жылғы қаңтардан бастап салық берешегінің төменгі шегі - 6 АЕК (18 378 теңге).

Естеріңізге салайық, 2021 жылы Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдады, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейтін болады. Сонымен қатар, елімізде айыппұл мөлшерінің өскені туралы да хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы