Салықты уақытша тоқтату. Президент Үкіметке тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуал жөнінде өтіп жатқан кеңесте Үкіметке тапсырма берді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.
Менің тапсырмам бойынша антиденелерге популяциялық зерттеу жүргізілді. Жоба ДДҰ қолдауымен Алматы, Қостанай және Өскемен қалаларында жүзеге асырылды. 7 мың адам тестілеуден өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, антиденелердің таралуы 40-61% құрады, - деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ Тоқаев Үкіметке бірнеше мәселені жедел пысықтауды тапсырды.
Біріншіден, зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыруды енгізу. Екіншіден, салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру. Бұл шаралар жаппай вакцинация басталғанға дейін және көптеген шектеуді алып тастағанға дейін уақытша әрекет етуі керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын, - деп тапсырма берді Президент.Оның сөзінше, Үкімет пандемиямен байланысты жағдайды сәуір айында жаппай вакцинациялау арқылы жақсы жаққа өзгертсе, мамырдан бастап ШОБ субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға кірісуге болады.
ASHYQ жобасын масштабтау - бизнестің ғана міндеті емес. Үкімет жүйені кеңейтуді және белсенді енгізуді қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, тиісті нормативтік базаны құру маңызды. Сондай-ақ, карантиндік шектеулер жағдайында халықтың ұтқырлығын сақтауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету қажет. Цифрлық мониторинг бизнесті, әсіресе қызмет көрсету және бөлшек сауда саласында тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізетінін хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иммундау қарқыны бойынша біз едәуір қалыспыз - Президент
Өзгелердің жаңалығы