Салық төлеушілердің назарына!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге ЭШФ жазып беру қағидаларына ешқандай түзету енгізілмейтінін ескертеді.
Салық төлеушілердің электрондық шот-фактураларды жазып беру кезінде "5" белгісін алып тастау мәселесі бойынша көптеген сұрауларына байланысты ҚР "5" белгісін алып тастау бөлігінде ЭШФ жазып беру қағидаларына ешқандай түзетуді қарамайтынын хабарлаймыз – делінген хабарламада.
Сонымен қатар комитет бұл өзгеріс енгізілсе, алдын ала хабарлайтынын айтты.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатынына және жария талқылау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылатынына Сіздердің назарларыңызды аударамыз – делінген комитет ескертуінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жобаларымыз мемлекеттік аппаратпен байланысты нығайтуға бағытталған – Равиль Төлебаев
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы