Салық төлеу тәртібін сақтайтын аймақтар тізімі аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күнге есептелетінін еске салды.
Салық тәртібін сақтайтын СҚО, БҚО және Түркістан облысының салық төлеушілерін атап өткіміз келеді. СҚО - да өсімақы бойынша берешек 900 млн теңге (үлес салмағында 0,6%), Түркістан облысында 900 млн теңге (0,6%), БҚО-да 1,5 млрд теңге (1,0%), - деп хабарлады МКК-де.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдаймен жалпы республика бойынша өсімпұлға берешек 149,6 млрд теңгені құрады. Жылдың басымен салыстырғанда өсімпұл өсіп, 33,3 млрд теңгеге немесе 28,6% - ға ұлғайды.
Ең үлкен өсім келесі аймақтарда байқалады:
- Қостанай облысы-2,3 млрд теңгеге немесе 304,8%;
- Атырау облысы-3,1 млрд теңгеге немесе 106,7%;
- Алматы қаласы-22,3 млрд теңгеге немесе 92,3%.
Бұл ретте келесі өңірлерде төмендеу байқалады:
- Маңғыстау облысы-9,4 млрд теңгеге немесе 75,3%;
- Ақмола облысы-1,6 млрд теңгеге немесе 36,8%;
- Жамбыл облысы-200 млн теңгеге немесе 16,7%;
Өсімпұлдың өсуінің негізгі себебі салық төлеушінің салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін уақытылы орындамауы болып табылады.
Өсімнің өсуіне байланысты объективті себептер реті келесідей:
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық берешегін өндіріп алу шараларын 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұруы (8 612 салық төлеуші бойынша 13,2 млрд теңге сомасына);
2021 жылдың 1 шілдесіне дейін банкроттық рәсімдерін бастауға мораторий жариялануы әсер етуі мүмкін, - деп түйіндеді МКК-де.