Енді салық қызметкерлері шекарадағы жүктерді актсіз тексере алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік прокурорлары салық қызметкерлерінің шекарада жүктерді тексеру құқығын алып тастады, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас көлік прокуратурасының наразылығы бойынша салық төлеушілерге шекарада тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін норманың күші жойылды.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін бес елдің шекарасындағы кедендік бақылау қысқартылғаны белгілі.

ЕАЭО елдерімен шекарада «экспорттық бақылау» енгізілді, ол жүктің заңсыз орын ауыстыруына жол бермеу және салықтардың түсуін қамтамасыз етуден тұрды. Мұндай бақылаудың әрекет ету тәртібі құқықтық актілерде белгіленген. Олардың бірі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы №535 бұйрығы.Кедендік бақылаудың толық жойылуына қарамастан, біздің елге келген тасымалдаушылардың көпшілігі заңсыз бұйрық аясында салық қызметкерлері тарапынан, соның ішінде тауарларды уақытша сақтау қоймаларына орналастырумен тексерілді, - делінген хабарламада.

Бұл кәсіпкерлердің көп уақытын талап етті және сөзсіз қосымша шығындарға әкелді.Бірақ, Салық кодексінің 155-бабына сәйкес ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы экспорттық бақылау кезінде салық қызметкерлері мүлікті зерттеп-тексеруге және мүліктің тауар-көлік жүкқұжаттарындағы мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге ғана құқылы.

Ал мұндай іс-шараларды тек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде міндетті түрде тіркелген тексерулер шеңберінде ғана жүргізуге болады. Басқаша айтқанда, салық қызметкерлері тексеру актісі болған жағдайда ғана тексеру жүргізуге құқылы. Жоғарыда аталған бұйрық оларға салық кодексінің осы нормасын айналып өтуге мүмкіндік берді. Бұйрықтың кәсіпкерлердің шектелмеген тобының құқықтарын бұзғанын ескере отырып, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша тексеру жүргізу нормалары 16 маусымнан алынып тасталды.

Салық қызметкерлерінің өткізілетін тауарларды тексеруге рұқсат беру туралы талаптары тексеру жүргізу туралы тіркелген акт болмаған кезде заңсыз болатынын атап өтеміз. Мұндай тіркеуді Бизнеске арналған Qamqor қосымшасы арқылы дербес тексеруге болады, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Бас көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылатындығын хабарлайды.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау және микро, шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің сақталуын қамтамасыз ету үшін көлік прокуратураларында Мобильді топтар құрылды. Олардың негізгі миссиясы - кәсіпкерлік құқықтарының бұзылуына жедел ықпал ету шараларымен қатар, мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне зерттеу жүргізу. Мүдделі кәсіпкерлер тәулік бойы өз құқықтарының бұзылғаны туралы, оның ішінде, олардың пікірінше, қарама-қайшы заңнама нормалары туралы көлік прокуратурасы органдарының сенім телефондарына хабарлай алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы