Салық-бюджет саясатының басты мақсаты – Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экономиканы әртараптандыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашу, тиімді кәсіпорындардың дамуын ынталандыру үшін бизнесті қолдаудың жанама құралдарына көшуді ескере отырып индустрияландыру, сондай-ақ сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі  Әсет Ерғалиев «ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру бойынша келісім» тақырыбында өткен Үкімет отырысы аясында айтты.
Инвестицияларды мақсатты түрде тарту шеңберінде жаңа инвестициялық циклді іске қосу үшін қосылған құн тізбегінің әрбір кезеңінде капитал ұстаушылармен тікелей жұмыс жүзеге асырылатын болады. Төлем балансының теңдестірілгенін қолдауға бағытталған алдын-ала сыртқы сауда саясатын жүргізуге қамтамасыз етеді.  Үкімет елімізде бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейтін болады, - деді ол.

Министрдің мәлмдеуінше, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін шұғыл шаралар пакеті шеңберінде Үкімет бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуды көздейтін реттеу саясатын түбегейлі оңайлатуды ұйғарып отыр. Салық-бюджет саясатының басты мақсаты – Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту, мұнайсыз сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнайсыз тапшылықты азайту.

Жоспарланған барлық шараларды іске асырудың нәтижесі 2023 жылға қарай Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізетін жетістігі  болады. Осы Келісім Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің экономикалық өсуді қалпына келтіруге, экономиканы ауқымды, терең трансформациялауды жүзеге асыруға және тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді, - деді ол.

Әсет Ерғалиев келісімді сапалы және уақтылы іске асыру мақсатында нақты шаралар мен бекітілген көрсеткіштері бар Жол картасы қалыптастырылғанын айтты. Мониторинг нәтижелерінің негізінде келісім жыл сайын үздіксіз негізде жандандырылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы