"Салығын төлесін де, жүре берсін". Қазақстандықтар шетелдік көліктер туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік нөмірлері бар машиналар туралы пікірталас әлі толастар емес. 

Бүгін Қазақстан азаматтары автокөліктерді сатып алу үшін Арменияда тұруға арналған ықтиярхатты жалған ресімдегені белгілі болды. Ал сондай көлік иелерін оларды салықтардан толық босатуды сұрап жатыр. Кей адамдар оларға 50% жеңілдік беруді ұсынды, деп жазады ztb_kz.

Әлеуметтік желідегі адамдардың ой-пікірі екіге бөлінді. Бірі жеңілдік беруге болады десе, басқалары Қазақстан заңына бағынсын дейді. Мысалы:

Қазір олар машинаға қызығып әкеледі, одан кейін не салығын төлемейді, не олардың сақтандыруы жоқ. Тегін жүргендіктен басқаларына кедергі болады.

Елдің барлығының құқығы тең болуы керек қой.

Шетелдік тіркеумен елге өтіп кеткен көліктерге рұқсат беріп, ең төменгі кедендік баж салығын тағайындау қажет.

Салығы мен айыппұлын төлесін, тіркеуге тұрсын да жүре берсін. Біз Қазақстан заңына бағынып, қозғалтқыш көлеміне қарап төлеп жатырмыз, олар солай істесін. Біздің елде жүр, сондықтан заңға бағыну қажет.

Айта кетейік, соңғы уақытта шетелдік тіркеудегі көліктерге қатысты дау-дамай қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы