Салықтың ең жеңіл түрі Қазақстанда жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем елдерімен салыстырғанда салықтың ең жеңіл жүктемесі Қазақстанда жасалған. Мысалы, бізде оңайлатылған салықтық декларацияда – 3%, жалпыға бірдей режимде 10% төлесе, шетелдіктер 75% дейін салық төлейді. Бұл туралы Мемлекеттік істер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Отар «Желмая» жобасында айтты.
Оның айтуынша, биыл шағын және орта бизнес өкілдері, тамақ, қонақ үй, туризм саласы мүлік салығынан босатылған. Оған қоса пандемия болмай тұрып Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнес өкілдері 3 жылға салықтан босатылыпты.
Бұл жерде оңайлатылған салықтық декларацияны шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер толтырады. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналысатындар мүлік, техника салығын төлемейді, - дейді Олжас Отар.
Сөз арасында ол Президент Жолдауында салық кодексін тағы қарап шығып, мүмкіндігінше жеңілдіктер жасау мәселесін көтергенін айтты.
Біздің органның жұмысы - салық әзірлеу емес, салық саясатының орындалуын қадағалау. Жалпы әлем елдерімен салыстырғанда салықтың ең жеңіл жүктемесі Қазақстанда жасалған. Мысалы, бізде оңайлатылған салықтық декларацияда – 3%, жалпыға бірдей режимде 10% төлесе, шетелдіктер 75% дейін салық төлейді. Мәселен, 100 мың теңге табыс тапсаңыз, оның 75 мыңын салыққа төлейсіз, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол қазір «түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал» акциясы жалғасып жатқанын айтты. 5-6 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл акцияның қорытындысында автокөлік ойнатылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы