Салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірқатар жалған компанияның басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергелгенін мәлімдеді.
Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды.
Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйым атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған, - делінген хабарламада.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн теңге сомасына материалдық залал келтірілген.
Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР ҚК 245-бабы 3-бөлімі бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ, басқа ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыс күші тапшы өңірлерге қанша адам қоныс аударды?
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы