Салтанаттың бұрынғы қарым-қатынасы Бишімбаевтың ызасын тудырған – Байжанов
Айыпталушы Бақытжан Байжановқа экс-министр Қуандық Бишімбаев неге Нүкеновамен жиі жанжалдасатынын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевпен бірге түстенген кезде "неге көп ұрсысасыздар?" деп сұраған. Бишімбаев оған Салтанатпен үйленбей тұрып, оның басқа адаммен қарым-қатынаста болғанын айтқан. Ол адам Бишімбаевтың танысы болған. Байжановтың сөзінше, Бишімбаев "сол жағдай жүрегімнен шықпайды" деген.
Осыған дейін Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтты.
Сондай-ақ Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын мәлімдеген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы