Салтанат Тұрсынбекова сайлауға қатысуына не түрткі болғанын айтты

Үміткер Салтанат Тұрсынбекова президенттікке кандидат ретінде қатысуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң саласында 20 жылға жуық жұмыс істедім. Мен әрдайым елімізде болып жатқан өзгерістер мен реформаларға олардың қандай бағытта нені мақсат етіп отырғанын зерттеп, зерделеп жүретінмін. Сонымен бірге біздің Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Біз демократияға қадам басып, Жаңа Қазақстанды құру жолындамыз. Енді расында да сол Әділетті Қазақстан болса, оған нақты кіріскен болсақ, әр азамат өзінің құқықтарымен бірге саяси құқығын да іске асыру керек деп есептеймін. Сол құқықтың бірі Президент сайлауына қатысу мүмкіндігі. Мен оны формальді, келе салатын жағдай деп ойламаймын. Бұл біріншіден, өте жауапты, екіншіден, өте маңызды қадам, - деді қоғамдық кеңес мүшесі.  

Үміткерге лайықты қол жинайтыныңызға сенімдісіз бе? деген сұрақ қойылды?

Сенімдімін! - деп жауап берді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы