Салтанат Тұрсынбекова: Президент болуға бар күшімді саламын
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Салтанат Пархатқызы айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеліп, куәлігімді алып отырмын. Әрине сайлау науқанының бірінші кезеңінде күмән болғаны рас. Қазір сайлау талаптарына сай болғаныма, қолдаған азаматтардың санына қарап көзім жетті. Сондықтан президент болуға бар күшімді саламын, – деді Салтанат Тұрсынбекқызы.
Сондай-ақ сайлауға өз құжаттарын соңғы күнде тапсыруының себебін айтты.
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлікке өз құжаттарымды соңғы күні тапсырдым. Оған дейін барлық өңір тұрғындарын аралып, мені ұсынған аналармен жеке кездесіп,пікірлерін білдім, – деді кандидат.
Қазақстандағы қазіргі шешілуі тиіс мәселелер туралы да сөз етті.
Ең бірінші әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу керек. Оның ішінде баспана мәселесі. Бұл мен үшін күрделі мәселе. Екіншіден құқық
қорғау саласында да шешілуі тиіс мәселелер көп, – деді кандидат.
Еске сала кетейік, осыған дейін Орталық сайлау комиссиясының отырысында "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан президенттігіне құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы кандидатының тіркелгенін жазған болатынбыз.