Салтанат Рақымбекова атындағы гранттың жеңімпазы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Қазақстан ауыл әйелдерінің IV-форумында белгілі болды.

Ауылда жаңа кәсіп ашуға 3 мың доллар көлеміндегі грантты Қостанай облысының тұрғыны Наталья Мишунская ұтып алды. Ол ауылда құс етін өндіру мен қайта өңдеуді эко жолмен жүзеге асырып отыр.

Бүгінде біздің кәсіпорында 130 бройлерлік құс, 100 қаз бар. Биыл өз кәсіпкерлігімді кеңейтуді ойланып жүр едім. Осы гранттың бар екенін жаз айында білдім. Шара ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді, - деді Наталья Мишунская.

Мишунская гранттың қаржысына күн панельдерін алатынын айтты.

Бұл энергиятиімділікті арттырып, атмосфераға шығатын қалдықтарды азайтады. Осылайша, құс өндіру тиімді әрі экологиялық таза түрде жүзеге асырылалы, - деді ол.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. «Жасыл» экономика және экология саласында танымал қоғам қайраткері бірнеше үкіметтік емес ұйымның негізін қалаған еді. Экономика ғылымдарының докторы. «Құрмет» оренінің иегері. Рақымбекова 2020 жылдың наурыз айында қайтыс болған еді. 

Айта кетейік, форум биыл төртінші мәрте өткізіліп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы