Салтанат Нүкенованың оқиғасы бүкіл әлемде өзекті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Салтанат ісі бойынша сот процесі бүкіл елдегі әйелдер үшін бетбұрыс болды деуге болады. Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сот процесін бүкіл әлем бақылап отыр. Жас келіншектің өлімі тек Қазақстанды емес, әлемнің көптеген елдерін дүр сілкіндірді. Сот процесі туралы ақпаратты шетелдік блогерлер мен танымал шетелдік баспасөздер жарыса жариялауда.
Италия мен Германия астаналарында Салтанатты еске алуға арналған митингілер өтті, онда жиналғандар тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның қатаңдатылуын қолдауға шақырды. Бұл процесс барысы туралы Украина, Ресей, Беларусь, Армения және Өзбекстан секілді көршілес елдер де белсенді талқылап жатыр. Аталған қайғылы оқиғаға өнер иелері өз шығармалары арқылы назар аудартып жатыр. Қайтыс болған аруға музыканттар композиция арнаса, өзгелері оның құрметіне өлең жазып, иллюстрациялар салуда.
Салтанат Нүкенованы қазасы туралы ресейлік продюсер Максим Фадеев, тележүргізуші Ксения Собчак, Ресейдің танымал блогерлері Гоар Аветисян, Ксения Бородина, Анастасия Решетова және басқа да атақты адамдар пікір білдірді.
Процестің көрсетілімі және процеске қатысушылардың сөйлеген сөздерінің үзінділері миллиондаған қаралым жинады. Кәсібилігі мен ұстанымы үшін мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова, сондай-ақ сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров халықтық қолдауына ие болды.
Олардың әлеуметтік желілердегі парақшалары бірден көптеген жазылушылар мен ерекше пікірлер жинады. Сот процесіне қатысты желі қолданушыларының ұстанымы бірдей: айыпталушы әділ жазаға тартылуы керек. Салтанат тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік пен өзгерістің символына айналды.