17 Желтоқсан 2025 2025, 08:42
Фото: pixabay
Салондағы түтін: Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы Алматыға қонды
Бүгін, 17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша ұшып келе жатқан Air Astana компаниясының Airbus A321neo ұшағында авиациялық оқиға орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазаэронавигация РМК мәліметі бойынша, салондағы түтін салдарынан экипаж MAYDAY апаттық сигналын жариялады. Ұшақ сағат 07:40-та қауіпсіз қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушылар мен экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті анықтайды.