Салмағы 4 келі сәбиден 2,15 келі ісік алынды: Астанада дәрігерлер жаңа туған нәрестені құтқарып қалды
Астанада дәрігерлер алып ісігі бар жаңа туған нәрестеге ота жасады.
Астанада дәрігерлер бірегей ота жасап, дене салмағының жартысынан астамында алып ісігі бар жаңа туған нәрестені құтқарып қалды.
Сәби елордаға өңірден санитарлық авиация желісімен жеткізілген.
Балаға шұғыл түрде күрделі хирургиялық ота жасалып, салмағы 2,15 келі болатын ісік алынып тасталды. Бұл туралы балалар және неонаталды хирург Нұрхат Мұхаметқалиев хабарлады.
Дәрігердің айтуынша, ота ешқандай асқынусыз өткен. Нәрестенің өз салмағы небәрі 4 келі болса, ісік оның дене массасының шамамен 60 пайызын құраған.
Ота ешқандай асқынусыз өтті. Салмағы 4 келі болатын сәбиден 2150 грамм ісік алынды. Кішкентайдың тезірек сауығып кетуін тілейміз.Сәби өңірден медициналық авиация желісімен жеткізілді. Командамыздың үйлесімді жұмысының арқасында балаға шұғыл түрде ота жасалды. Баршаңызға тағы да рахмет, - деп жазды дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін 10 жыл бойы алып ісікпен өмір сүрген қазақстандыққа ота жасалды.