"Саламатты Қазақстан". Құлсарының 500-ден астам тұрғынына дәрігерлер қызмет көрсетті
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары тұрғындарына 28 мамырға дейін тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Тек бір тәуліктің ішінде медицина қызметкерлері Құлсары қаласының 500-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті. Көшпелі бригадалар қаланың барлық эвакопункттерінде, сондай-ақ халықпен белсенді жұмыс жүргізілетін Мәдениет үйінің жанында қызмет көрсетуде.
Пойыздың құрамында 40 маман - медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер. Дәрігерер қатарында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, Ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және урологтан бар. Қажеттілікке қарай, мамандар кішігірім ота жасау қызметтерән көрсетіп, жоспарлы емдеуге жолдама беруде,- Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Айта кетейік, "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 26 -28 мамыр аралығында Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді.
Тұрғындарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.