«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 1 мамырынан бастап еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету. Облыстардың шалғай станцияларында тұратын азаматардың жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету және жәрдемдесу.

Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласында 26-28 мамыр аралығында аялдап, тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы