Бүгiн 2026, 15:23 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Салафилерге көз үйренді. Спорттағы жат ағым. Қазақстандағы діни ахуал қазір қандай?

Соңғы жылдары қоғамда жиі көтеріліп жүрген жат ағым мәселесі, Қаңтар оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік пен радикалды идеология.

Дінтанушы Кеңшілік Тышқан Қазақстандағы қазіргі діни ахуал туралы BAQ.KZ тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.

Сұхбат барысында елдегі дін саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, соңғы жылдары қоғамда жиі көтеріліп жүрген жат ағым мәселесі, Қаңтар оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік пен радикалды идеология тақырыптары сөз болды.

Сонымен қатар Сириядан елге қайтарылған азаматтардың қоғамға бейімделуі, олардың арасында жүргізіліп жатқан оңалту жұмыстары туралы да айтылды. Дінтанушы жастардың шетелге діни білім алуға кету мәселесіне тоқталып, оның мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдерін түсіндірді.

Бұдан бөлек, спортшылар арасындағы дін мәселесі, бұл тақырыптың не себепті қоғамда қызу талқыланғаны және мемлекет тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқаны сөз болды. Сұхбатта жаңа Конституция жобасындағы «дін мемлекеттен бөлек» қағидатының мәні де түсіндіріліп, оның Қазақстан қоғамы үшін маңызы талқыланды.

Сарапшының айтуынша, дін мәселесі тек теологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және қауіпсіздік қырынан да маңызды.

Сондықтан бұл бағыттағы саясат пен қоғамдық пікір үнемі талқыланып, қоғамға түсіндіріліп отыруы қажет.