Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі
2030 жылға қарай қазақстандық авторлардың қойылым санын 600-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, келесі жылы ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы тойланады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атаулы датаға орай, фильм түсірілетінін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министр арнайы ашылған орталықта азаматтарды қабылдаған.
Келесі жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын тойлау тақырыбы талқыланды. Актер және жазушы Қанат Жүнісов көрнекті жазушы және қоғам қайраткеріне арналған фильмнің сценариі мен операсын ұсынды. Ұсыныс қызық. Әсіресе, опералық қойылым қызық, – деп жазды министр.
Министр отандық авторлардан спектакльдер санын көбейтуге бағыт алғанын, сондықтан бұл мәселе мұқият зерттелетінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа міндеттер жүктеді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы