Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сәкен Исабековті ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындады. Ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болған Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы