Сәкен Бибосынов екінші Олимпиадасына барады
Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ширек финалдық жекпе-жекте Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Киаран Макдональдты 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерлесіміз бастапқы 2 раундты сенімді түрде 5:0 есебімен ұтты. Ал шешуші раундта Сәкен нокдаунға түсіп қалғанымен, есептегі басымдығын сақтап қалды.
Осылайша, Сәкен Бибосынов 51 келіде Болат Жұмаділовтен кейін екінші мәрте қатарынан баратын отандық спортшы атанды.
1996 жыл. Атланта Олимпиадасы
🥈51 келі. Болат Жұмаділов
2000 жыл. Сидней Олимпиадасы
🥈51 келі. Болат Жұмаділов
2021 жыл. Токио Олимпиадасы
52 келі. Сәкен Бибосынов
2024 жыл. Париж Олимпиадасы
51 келі. Сәкен Бибосынов
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы