Сахнаны сағындық – балет солисі Серік Нақыспеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Опера» балет театры Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен көрерменге Гала балетін ұсынды.

Бағдарлама аясында көрнекті балет солистері Серік Нақыспеков пен Далер Запаров дебюттарын жасады.



Риккардо Дригоның «Талисман» балетінен Pas de deux бүкіл әлемдегі балет әуесқойлары арасында үлкен даңққа ие болған, халықаралық балет байқауларының бағдарламасына және көптеген әлемдік балет компанияларының репертуарына енген.


Сюжет барысында ежелгі Үндістанның жұмбақ әлемі ашылады, өзім ойнайтын жел құдайы Ваю аспан рухтарының билеушісі Ниритидің қызымен билейді. Мен үшін М.Петипа мен П.Гусевтің хореографиясы ерекше виртуоздығымен және мәнерлілігімен ерекшеленеді. Біздің классикалық шедеврлі интерпретациялауымыз көрермендерді қуантады деп сенемін, - деп бөлісті Серік Нақыспеков өзінің рөлі жайында. 

Далер Запаров өз дебютін Э.Дельдевеза, Л.Минкустың Пахита балеті Гран Пада жасайды. Оған қоса, балет әртістері София Адильханова, Нұрай Нұрсафина, Евгений Рыбкин, Диас Құрманғазы, Рустам Чахалов осы балетте сахнаға бірінші рет шығады.  

Сахнаға деген өз сағыныштарын білдірген әртістер, көрермендермен қайта қауышып жатқанына қуанышты. 


Карантин уақыты бастапқыда аса білінбеді. Кейін үйде дайындалу қиындай бастады. Сахнаны, көрерменді сағындық. Шығармашылық адамы үшін көрерменнің шапалығы дәрумендей екен. Дегенмен қайта қауышар күн туғанда бабымызда болу үшін дайындықты үзбедік. Театр ашылғаннан кейін әртістер барынша ынтызарлықпен жұмысқа кірісіп, мамандығымызды жаксы көретінімізді тағы бір рет өзімізге дәлелдей алдық, - деді Серік Нақыспеков.



Айта кетейік, театр өз жұмысын екі ай бұрын жандандырды. Көрермендер тек жарты залға толтырылып, барлығы санитарлық нормаларға сай жүргізілуде.




Ботакөз ЖАҚИЯНОВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы