Сағыз шайнағаннан кейін сегіз мектеп оқушысы ауруханаға түсті

Әзербайжанның Баку қаласындағы №14 орта мектепте сегіз оқушының сағыздан улануы мүмкін екендігі туралы жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

minval.az сайтының хабарлауынша, бес оқушы Ә.Гараев атындағы балалар клиникалық ауруханасына, ал үшеуі Нариманов аудандық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Барлық балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді: бір оқушыға жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, ал қалғандарына жедел гастрит диагнозы қойылды. Тексеруден кейін олар амбулаториялық емдеуге шығарылды.

Мектеп оқушылардың белгісіз себептермен әлсіздік сезініп, жүрек айнуы пайда болғанын хабарлады. Мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ата-аналарға хабарлады.

Алдын ала тергеу барысында оқушылардың бірі мектеп жанындағы дүкеннен сағыз сатып алып, оны сыныптастарымен бөліскені анықталды. Аурудың себебі осы болуы мүмкін деп болжануда. Билік тергеу бастады. Оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз minval.az
Өзгелердің жаңалығы