Сағынтаев ҮЕҰ басшыларын маңызды стратегиялық міндеттерді бірігіп шешуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік-жауапты, күшті экономикалық, құқылы мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам құруда ортақ мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс жасаудың стратегиясын әзірлеудің қажет екенін атап өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Алматы қашанда үздік практиканы, жаңашылдық жобалар мен азаматтық қоғам саласы кейстерін жүзеге асырудың басты тұғырнамасы болып келеді. Бүгін біз ҮЕҰ дамыту мен олардың тиімдігілін арттырудың «жол картасын» жасау үшін жиналып отырмыз. Маған қоғамның актуалды мәселелерін бірігіп шешуде сіздер ұсынатын пікірлер мен тілектерді есту өте маңызды. Біз ашықпыз, қолжетімдіміз, қаланың барлық ҮЕҰ жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан шешімін күткен басты міндеттерге, стратегияға, проблемалы мәселелерге мен үнемі айрышқа назар аударамын», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Кездесу барысында Б.Сағынтаев ҮЕҰ мен қала басшылығының біріккен іс-қимылдарының перспективалық бағыттарының бірқатарын атап өтті. Осы ретте қала басшысы экология мен ауа сапасы тақырыбын көтерді.
«Бұлардың қаланың барлық тұрғындарын толғандыратынын білемін. Сондықтан қалалық ЖЭО-2 газға көшіру мәселесін жіті зерттеуді жоспарлаудамын. Осыған орай экология саласында қоршаған ортаның залалдануымен күресуде және қаланы жасылдандыруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды», - деді әкім.
Бұлардан өзге, қоғам қауіпсіздігін және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті күшейтудің, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оның ішінде ПИК-тердің жұмыстарын жолға қоюдың, сонымен қатар қала бюджеті шығындарының жариялылығының, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің, еңбекпен қамтудың, жастардың демалысын ұйымдастырудың және басқаларының актуалды мәселелері сөз болды.
Қазіргі кезде мегаполисте 4 мыңнан астам ҮЕҰ бар, олардың 1 мыңға жуығы ғана белсенділік танытуда. Сонымен қатар, қалада 45 жастар ұйымы, 170 діни бірлестік және басқалары бар.